Жәнібек Канадада жұдырықтасады

«Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) бірінші рет Канадада жекпе-жек өткізеді» – деп хабарлайды Vesti.kz

сайты.

Алматы, NEGE. ESPN журналисті Стив Ким өзінің твиттер желісінде орта дивизионда WBC Continental Americas және WBO Global титулдарының иегері Жәнібек Әлімханұлы 28 наурыз Квектегі бокс кешінде рингке шығатынын хабарлаған.

Бұл бокс кешінің басты кезедсуінде жартылай ауыр салмақта IBF және WBC чемпионы ресейлік Артур Бетербиев (15-0, 15 КО) қытайлық Мэн Фаньлунмен (16-0, 10 КО) жұдырықтасады.

Еске сала кетсек, Жәнібек соңғы рет рингке 2019 жылдың 10 қарашасында АҚШ-тың Фресно қаласында шығып, канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірген. Отандасымыздың бұл жолғы кездесуі 28 наурызға жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

«Қар жеп аман қалды»: Аяғы сынған малшы 5 күн далада түнеген

Дастан Сәтбаев «Челсидің» ұсынысымен ұлттық құрамадан шеттетілді

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті