Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

Жексенбі, 14 мамырда таңертең қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Әлімханұлы мен Батлер жекпе-жегі Стоктон қаласында (АҚШ, Калифорния) өтеді. Тікелей эфир Астана уақытымен сағат 07:00-де басталады. Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті тікелей эфирде Хабар телеарнасынан көре алады.

Алдағы жекпе-жекте қос боксшы Әлімханұлына тиесілі орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады.

Жәнібек соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қараша айында өткізген: ол британдық боксшы Дензель Бентлимен (18-2-1, 15 КО) жұдырық түйістіріп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Батлер желтоқсан айында америкалық Джошуа Конлимен (17-5-1, 11 КО) жекпе-жекте жеңімпаз атанған.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді