26 сентября 2022 г. 10:57
Жәнібек Әлімханұлының нокауты үздіктер қатарына кірді
Никарагуалық бокс шолушысы Леви Луна жылдың үздік нокауттары тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматы, NEGE. Оның ішінде Жәнібек Әлімханұлы да бар. Ол британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа түсірген болатын. Олардың жекпе-жегі мамырда өтті. Әлімханұлы екінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірген еді. Сол кезде осы жеңісінің арқасында ол орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша "уақытша" чемпион белбеуіне ие болды.