Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Top

Rank промоутерлік компаниясы орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КO) кезекті жекпе-жегін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. 27 жастағы қазақстандықтың қарсыласы «сиқыршы» лақап атымен танымал 23 жастағы аргентиналық Гонсало Кориа (16-3, 6 КО) болады. Өз елінде орта салмақтағы үздік боксшы. Кориа кәсіпқой рингтегі 19 жекпе-жектің үшеуінде жеңілген.

Үш жеңілісті де төрешілер шешімімен ұтылған. Осы күнге дейінгі соңғы жекпе-жегінде Гонсало Кориа 2019 жылдың 28 маусымында мексикалық Маркос Рейесті (37-8, 28 КО) жеңіп, WBC FECARBOX орта салмақтағы титулын жеңіп алды.

Еске салайық, Әлімханұлы мен Кориа арасындағы жекпе-жек 9 қазанда Лас-Вегаста MGM Grand аренасында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?