Жәнібек Әлімханұлының бапкері чемпиондық титул туралы мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) бапкері Джеймс 'Бадди' МакГирт орта салмақта WBO 'уақытша' чемпионы титулы сарапқа салынатын жекпе-жек туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Ұлыбританиялық Дэнни Дигнумге (14-0-1, 8 KO) қарсы жекпе-жек Қазақстан уақытымен 22 мамырда ертеңгісін Лас-Вегаста өтеді. 

Қазақстандық боксшы Лас-Вегасқа жеткен сәттің видеосын жариялады, ал оның бапкері мәлімдеме жасады. 

"Лас-Вегасқа жеттік, чемпиондық титулды алуға келдік", - деді МакГирт.