Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) британиялық Дензел Бентлиді (17-1-1, 14 КО) жеңіп, әлем чемпионы атағын қорғады.
Алматы, NEGE. Орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сарапқа салған Әлімханұлы мен Бентли Лас-Вегаста жұдырықтасты. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша, жеңіс Әлімханұлына берілді.