Жәнібек Әлімханұлы жаттығуын бастады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) АҚШ-та рингке оралуға дайындықты бастап кетті.

Алматы, NEGE. Спортшы Калифорния штатындағы Окснардта Джеймс «Бадди» Макгриттің атақты бапкерінің залында жаттығуды бастады.

Ол өзінің әлеуметтік желілеріне бапкермен түскен суретін салып, оның астына «Кеңседемін» деген жазу қалдырған. ,

Сонымен қатар Жәнібек жаттығып жатқан видеосын көрсетті.

Бұдан бұрын Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Әлімханұлының бразилиялық Эскива Фалькаомен (29-0, 20 КО) айқасатыны туралы мәлімдеген. Боксшылар орта салмақтағы WBO әлем чемпионының «уақытша» титулы үшін жекпе-жекке шығады. Алайда айқастың дәл қашан болатыны әзірге белгісіз.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады