Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне алғыс айтты

Бүгін жеңіске жеткен Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне алғыс білдірді.

Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша орта салмақта британдық Дэнни Дигнумды тізе бүктіріп, уақытша әлем чемпионы атанды. Жекпе-жек кеше Лас-Вегас қаласында өтті. Жәнібек қарсыласын бірінші раундта нокдаунға түсіріп, айқын басымдық көрсеткен. Ал екінші раундта Дэнни Дигнумды нокаутқа түсірді. Осылайша Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокста өзінің 12-жеңісіне қол жеткізді. Британдық боксшы үшін бұл кәсіби бокстағы алғашқы жеңіліс.

Айта кетейік, WBO нұсқасы бойынша нағыз әлем чемпионы американдық боксшы Деметриус Андраде. Жәнібек Әлімханұлы, WBO бойынша орта салмақта уақытша әлем чемпионы: - Жеңістеріңіз құтты болсын мінеки. Бүгін шығып, жарқын өнер көрсетіп, жеңіске жеттік. Бұл дегеніміз "Qazaq Style"-ды тарихқа жазып жатырмыз. Баршаңызға алғысым шексіз. Қолдауларыңызды сездім. Бұл тек бастамасы. Құдай қаласа, әлі үлкен чемпиондық жекпе-жектер бар. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды