Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінің үздік үштігіне кірді

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың рейтингін жаңартты.

Алматы, NEGE. Орта салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алтыншы орыннан үшінші орынға көтерілді. Тізімде Мексика боксшысы Хайме Мунгия көш бастап келсе, екінші орында украиналық боксшы Сергей Деревянченко тұр. WBC-дің орташа категориядағы әлем чемпионы – АҚШ спортшысы Джермалл Чарло.

Еске сала кетсек, 27 маусым күні Лас-Вегаста өткен жұдырықтасуда Жәнібек WBA-ның орташа дивизионда бұрынғы әлем чемпионы Ром Брантты техникалық нокаутпен жеңді. Ол кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді Сондай-ақ рейтингте тағы бір қазақстандық боксшы – Мейірім Нұрсұлтановтың есімі тұр. Ол тізімде 14-ші орында орналасқан. 

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды