Жәнібек Әлімханұлы WBA рейтингінің үздіктер қатарынан шығып қалды

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңа нұсқасын ұсынды. Бұл туралы Sports.kz сайты

хабарлайды.

Алматы, NEGE.   Осының алдында жетінші болған орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы үздік ТОП-15-тен шығып қалды.

Еске салайық, 22 мамырда «Қазақ стилі» лақап атымен белгілі боксшы британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа жіберіп, WBO тұжырымы бойынша «аралық» әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион – қазақстандық Геннадий Головкин. Ол IBF және IBO белдіктеріне ие.

Рейтингінің алғашқы «үштігіне» британдық кіші Крис Юбанк, мексикалық Хайме Мунгия және жапон боксшысы Риота Мурата енген.

Бұған дейін Boxrec.com сайтының үздік қазақстандық боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынған болатынбыз. ОндаЖәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) Геннадий Головкиннен (42-1-1, 37 КО) кейін екінші орында тұр.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды