Жәнібек Әлімханұлы спорттық карьерасы жөнінде мәлімдеме жасады

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та кәсіби карьерасының даму жолына көңілі толатынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. «Біз төрт жылдан бері Америкадамыз. 11 жекпе-жек өткізіп, әлем чемпионының міндетті қарсыласы болдық. Аллаға шүкір! Әлем чемпионы белбеуін елге әкелеміз! Бұл күнге санаулы айлар қалды! Жоспар көп, мақсат айқын! Бірлік бар жерде тірлік бар!», – деп жазды Жәнібек Instagram парақшасында. Әлімханұлы келесі жекпе-жегінде британдық Дэнни Дигнуммен орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін айқасады. Олардың жекпе-жегі 28 наурызға жоспарланған промоутерлік аукционға шығарылды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды