Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді!

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында кәсіпқой бокстан орта салмақта сынға түскен Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Алматы, NEGE. Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) бұл жолы франциялық Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) қолғап түйістіріп, 8-раундта қарсыласын нокаутпен жеңді!

Он раундқа есептелген жекпе жек сегізінші раундта аяқталды. Әуелі қазақ боксшысы үшінші раундта франциялықты нокдаунға түсірді, ал сегізінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша қазақ боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Бұл кездесуде орта салмақта екінші дәрежелі WBO Global титулы сарапқа салынды

Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем және Азия чемпионы атанды. Ал 2014 жылы Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді. Кәсіпқой бокста 2016 жылдан бері сынға түсіп келеді. Он жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті. Оның алтауы нокаутпен аяқталды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр