Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» жекпе-жек өткізуі мүмкін
Ресейлік «неКАРАтэ» Youtube-арнасы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жақын арада мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альвареспен (60-2-2, 39 КО) жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.
Алматы, NEGE. – Қазақстаннан тағы бір белбеу біріктірген чемпион шықты «Qazaq Style». Әрі қарай не болады? Көреміз. Мүмкін Чарло. Тіпті Альваресті де «қазақ стилі» қызықтыратын шығар. Өйткені Головкинмен трилогия жасады – мүмкін ол Әлімханұлына да назар аударатын шығар, – дейді арна авторы.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды.