Жәнібек Әлімханұлы:«Альваресті бір раундта үш рет құлатам» (видео)

Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Жәнібек Әлімханұлы «Альваресті бір раундта үш рет құлатам», – деді.

Алматы, NEGE. Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы 12 раундтық бокс жекпе-жегі төрешілердің шешімі бойынша мекискалықтың пайдасына шешілген болатын.

Мексикалық бокс шебері WBA, WBC, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Соның арқасында ол абсолютті әлем чемпионы атанды.