Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңісті еншіледі

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы канадалық боксшы Стивен Батлермен жекпе-жегінде белбеуін қорғап,

қарсыласын екінші раунда нокаутқа түсірді. 

Алматы, NEGE. АҚШ-тың Стоктон қаласында өткен бокс кешінің екінші раундында Әлімханұлы қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, кейін жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Жәнібек үшін бұл екінші рет титулын қорғау болды. Өткен жылдың қарашасында британдық Дензел Бентлиді шешімімен жеңген кезде бірінші титулын қорғаған болатын.

Ал Батлер 2019 жылы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасты. Бірақ ол жапондық Риота Муратаға техникалық нокаутпен ұтылған еді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр