Жәнібек Әлімханұлы IBF чемпионына қарсы кездесу өткізеді

WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы 14 қазан күні Розенбергте (АҚШ) IBF чемпионы Винченцо Гуальтиеримен жұдырықтасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Әлімханұлы екінші рет WBO атағын қорғайды. Гуальтиери үшін бұл бірінші қорғаныс болады. Ол шілдеде бразилиялық Эскива Фалькаоны жеңген еді.

"Құдай қаласа елге екі чемпиондық титулмен қайтамыз! Тағы да тарих жасаймыз!", - деп жазды Әлімханұлының өзі Insatagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, мамырда Әлімханұлы чемпиондық белбеуін Стоктонда (Калифорния, АҚШ) қорғады, ол кезде канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр