Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атаққа жақындай түсті

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингісі жаңартылды, деп жазады Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев рейтингке енді. Қазіргі уақытта ол 37-орында тұр. Бұл салмақта WBC чемпионы – конголық Илунгу Макабу. Супер орта салмақта жерлесіміз Айдос Ербосынұлы (WBC ABCO белбеуінің иегері) 12-орында. Тағы бір отандасымыз Әли Ахмедов 23-орынға төмендеді.

Бұл салмақтағы чемпион – мексикалық Сауль Альварес. Орта салмақтың ТОП-15 тізіміне екі қазақстандық енген. Олар: Жәнібек Әлімханұлы (6-орын), Мейірім Нұрсұлтанов (15-орын). Бұл салмақта «Канелода» франчайзинг белбеуі болса, америкалық Джермалл Чарлода қарапайым чемпион атағы бар. Бірінші орта салмақта WBC Francophone белбеуінің иегері Садриддин Ахмедов 17-орынға көтерілді. Осы салмақтағы тағы бір жерлесіміз Тұрсынбай Құлахмет (WBC International белбеуінің иегері) 27-орында тұр.

Бұл салмақтың чемпионы – америкалық Джермелл Чарло. Жартылай орта салмақтағы үздіктер тізімінде жалғыз қазақстандық бар. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 23-орында тұр. Бұл салмақтағы WBC чемпиондық белбеуі америкалық кіші Эррол Спенске тиесілі. Бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингте Батыр Жүкембаев (8-орын) алғашқы ондыққа енді.

Бұл салмақтағы титулдың иегері – америкалық Хосе Рамирес. Жас боксшы Сұлтан Зәуірбек (WBC Youth белбеуінің иегері) екінші жартылай жеңіл салмақта 37-орынға жайғасқан. Бұл салмақтағы WBC титулы мексикалық Мигель Берчельтке тиесілі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?