Жәнібек Әлімханұлы бокс жанкүйерлері жеңімпазды таңдайтын номинацияға ұсынылды

Top Rank промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) 2021 жылғы жетістігін атап өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Әлімханұлы бокс жанкүйерлеріне «Жыл серпіні» номинациясының жеңімпазын таңдау ұсынылатын Top Rank постеріне шықты. Биыл Жәнібек Әлімханұлы екі жекпе-жек өткізді. Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпиондары америкалық боксшы Роб Брантпен (26-3, 18 КО) және француз Хассан Ндам Нжикаммен (38-6, 21 КО) жұдырықтасты. Екеуін де Әлімханұлы сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Бұл жеңістер қазақстандыққа WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық боксшы Деметриус Андрадемен (31-0, 19 КО) кездесуіне мүмкіндік берді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр