Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы титулы үшін кіммен жекпе-жекке шығады?

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы титулы үшін кіммен айқасатыны белгілі болды.

Алматы, NEGE. WBO өзінің сайтында Әлімханұлы мен Дигнумның командаларына орта салмақ санатындағы әлем чемпионының уақытшы титулы үшін жекпе-жек туралы келісу керектігін хабарлады. Тараптарға ол үшін он күн беріледі. Боксшылар келісе алмаған жағдайда, промоутерлік сауда тағайындалады. Оның минималды ставкасы 200 мың доллар болмақ. Бұдан бұрын орта салмақтағы WBO чемпионы америкалық Эскива Фалько мен мексикалық Хайме Мунгия Әлімханұлымен айқасудан бас тартты. Дэнни Дигнум – WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы Еуропа чемпионы, ұйым рейтингінде бесінші орында. Ал Әлімханұлы – орта салмақтағы WBO рейтингінде екінші орында.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды