Жанбота Алдабергенова күміс жүлдеге қол жеткізді

Жанбота Алдабергенова әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Финляндияның Рука аймағында фристайл-акробатикадан әлем кубогінің алғашқы кезеңі басталды. Әйелдер арасынан қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова жүлдегерлер қатарынан көрінді. Финалда ол 80,04 ұпайымен жарысты екінші орынмен аяқтады. 

Жарыс нәтижесі бойынша, қытайлық Кун Фаньюй топ жарса, оның командаласы Шао Кью үздік үштікті қорытындылады. 

Айта кетерлігі, бұл фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы жарысы. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр