Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан финалға шықты

Финляндияның Рука аймағында фристайл-акробатикадан әлем кубогінің кезеңі басталды.

Алматы, NEGE. Ұлттық құрама көшбасшысы Жанбота Алдабергенова финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық спортшы іріктеу кезеңін төртінші орынмен аяқтады. Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша ол 85,99 ұпайын жинады.

Қазақстан құрамасының өкілдері Ақмаржан Қалмұрзаева 13-ші, Аяна Жолдас 23-ші, ал Маржан Ақжігіт 39-шы орындарға жайғасты. 

Айта кетерлігі, финалға 12 спортшы жолдама алды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр