Жанбота Алдабергенова Еуропа кубогінде топ жарды

Фристайл-акробатикадан Финляндияның Рука қаласында өткен Еуропа кубогінде қазақстандық Жанбота Алдабергенова жеңіске жетті.

Алматы, NEGE. Отандасымыз 83,47 ұпай еншілеп, алтын жүлдегер атанды. Күмісті канадалық Александра Монтмини, қоланы америкалық Амелиа Глоговски еншіледі.

Жарыста Жанботадан өзге бақ сынаған отандастарымыз Ардана Маханова – 10, Аделина Өмірзақова 13-орын иеленді. 

Айта кетелік, бұған дейін Жанбота Еуропа кубогінде күміс медаль иеленген болатын. 

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды