Жанбота Алдабергенова: Басты мақсат – Олимпиада ойындарына жарақатсыз жету

Қазақстандық акробат Жанбота Алдабергенова әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды.

Алматы, NEGE. Жаңа маусымды сәтті бастаған ол Olympic.kz сайтына жарысты қорытындылап берді. 

"Маусымды жеңіс тұғырынан бастадық, жарыс ойдағыдай керемет өтті. Бізде барлығы жоспармен жүріп жатыр. Жарысқа дейін үздіксіз жаттығу жасадық.

Жоспарымыз - жаңа маусымдағы нәтижемізді жарыстарға бөлмей, барлық кезеңде өзімізді жоғары орындардан көрсету. Әрине, ең басты мақсат - қысқы Олимпиада ойындарына жарақатсыз жету.

Олимпиада жақындаған сайын спортшылар дайындығын нығайтып, мықтылана түседі. Әсіресе осы жарыста қарсыластар қарны ерекше екені байқалады. Шынымды айтсам, әлем кубогінің кезеңінде бұған дейін бірден 40 қатысушы болмаған. Биыл сан да, сапа да артқан. 

Олимпиада маусымына деген алғашқы қадамды нық бастық. Әрі қарай да әлем кубогінің бірнеше кезеңі бар. Алдағы жарыстарда да жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін барымды саламын.  Жаз маусымында дайындаған қиындыққа секіру жаттығуларым әзір жетілдірілмеді. Ендігі бір мақсат, жаттығуларымды толықтыра түсу", - дейді Жанбота. 

Айта кетерлігі,  Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рика аймағында өткен фристайл-акробатикадан әлем кубогінің алғашқы кезеңінде екінші болды.

 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр