Жанбота Алдабергенова Әлем кубогы кезеңінде қола жүлде алды

Ұлттық құрама спортшысы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында аяқталған фристайл-акробатика мен могулдан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, акробатика түрінде өнер көрсеткен Жанбота финалда 77.43 балл жинап, қола жүлдегер атанды.

Бір қызығы, қазақ спортшысы тура бір жыл бұрын осында өткен 2022-2023 жылғы маусымдағы Әлем кубогының алғашқы кезеңінде қола алған. Ол кезде Алдабергеноваға 80,04 ұпай жеткілікті болған.

Жалпы Рука қаласы биыл FIS-тің фристайл маусымын қатарынан 14-рет бастап берді.

Алтынды Бейжің Олимпиадасының (аралас командалық сын) қола жүлдегері Марион Тено (Канада) жеңіп алса, күміс Даниэль Скоттың еншісінде кетті. Аустралиялық осыған дейін әлем чемпионатында 2 мәрте күміске ие болғанын айта кетейік.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды