Жанболат Мамай екі айға қамауға алынды
Белсенді Жанболат Мамай екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Алматы Полиция департаменті мәліметінше, Жанболат Мамайға қатысты Алматы ПД Тергеу басқармасы ҚР ҚК-ның 378-бабы, 2-бөлігінде ("Билік өкiлiн қорлау") және 274-бабы, 2-бөлігінде ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
"Тергеушінің өтініші бойынша сот азамат Жанболат Мамайды екі ай мерзімге қамауға алуды санкциялады", - деп түсіндірді полицейлер.
Соталды тергеп-тексеру қағидаттарға қатаң сәйкестікте жүргізіледі, деді ведомство өкілдері.