Жанболат Мамай 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды

Оған қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Алматы, NEGE. Белсенді Жанболат Мамай үш қылмыстық бап бойынша кінәлі деп танылды.

Ол 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып, қоғамдық және саяси өмірге белсене қатысуына тыйым салынды.

Сондай-ақ одан 800 мың теңгеден астам ақша өндірілді.

Үкім заңды күшіне енгенше ол үйқамақта болады. Мамай сот үкімінің саяси астары бар деп есептеп, апелляциялық шағым түсірмекші.