Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Еділ Жаңбыршиннің  әлеуметтік желідегі бұралқы иттерге қатысты жазбасы қызу талқыланып жатыр.

Мәжілістің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Мәжіліс депутаты Еділ Жанбыршин әлеуметтік желіде өзіне сын айтқандарды Жаңаөзен қаласына барып, мәселені бірге талқылауға шақырды.

Ол келесі аптада Маңғыстау облысына баратынын айтып, сын айтушыларға «онлайн айтысудың» орнына жергілікті тұрғындармен жүздесіп, жағдайды көзбен көруді ұсынған.

Фото: Facebook

Депутаттың айтуынша, сапар барысында қаңғыбас иттер мәселесінен зардап шеккен отбасыға бару да жоспарланған. Сонымен қатар, жол шығыны мен тұру ақысын өзі өтейтінін жеткізген.

Фото: Facebook

Депутат өзіне пікір білдірген бірнеше желі қолданушысына осындай ұсыныс тастаған. Оның бұл ұсынысын Дамила Танкибаева атты желі қолданушысы қабыл алғанын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісі қарауындағы жаңа заң жобасында бұралқы жануарларға қатысты бірқатар өзгерістер ұсынылды.

Құжатта жануарлар санын реттеу тетіктерін күшейту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қайта қарау көзделген. Сонымен қатар, иесіз жануарларды мемлекеттік бюджет есебінен вакцинациялау нормасын алып тастау қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

LRT екі аптада 1 млн жолаушыны тасымалдады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

KAZ Minerals шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды