Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды

Алматы халықаралық әуежайы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

instagram.com/almatinec_live, egemen.kz

Астана, NEGE. Көлік министрлігінің мәліметінше, ведомство басшылығы Алматы халықаралық әуежайының әкімшілігімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, терминал шатырынан су кету фактісіне байланысты шұғыл кеңес өткізген.

«Азаматтық авиация комитеті әуежайды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты», – делінген хабарламада.

Әуежай басшысы техникалық мәселелерге жетекшілік ететін аға вице-президент Мехмет Гюзельге тәртіптік жаза қолданылғанын хабарлады.

«Әуежай жолаушылардан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар күшейтіліп, барлық қажетті жұмыстар жедел режимде жүргізілуде», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алты ай ішінде жұмыстарды аяқтау және су кету себептерін толық жою жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі

FlyArystan әуе билеттерін 20% жеңілдікпен сатып алуға болады

«Қазмырыш» кәсіпорнында болған төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тапты

Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр