Жәнібек Әлімханұлының Астанадағы бокс кешіне билеттер сатылымға шықты

Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11КО) 5 сәуір күні Астана қаласында өтетін бокс кешіне билеттер сатылымға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Яндекс афиша сайтындағы билеттердің құны 20 мың теңгеден басталып, ең қымбаты 255 мыңтеңгеге бағаланып отыр.

Айта кетерлігі, бокс кешін қазақстандық Nomad Promotions компаниясы ұйымдастырып, ESPN телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінде Анауэль Нгамиссенгуге (14-0, 9КО) қарсы чемпиондық белдіктерін қорғайды.

Аталған бокс кешінде бүгінде ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүрген ағайынды Сабырхандар шаршы алаңда кәсіпқой бокста бақтарын сынап көрмек.

Ағайынды боксшылардың қарсыласы әзірге анықталмаған.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр