Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан шығады?

WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы  (15-0, 10 КО) ESNews арнасына берген сұхбатында рингке қашан шығатынын айтты.   

ғаламтордан

Алматы, NEGE. WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) ESNews арнасына берген сұхбатында жаздың ортасында Лас-Вегаста рингке шығуды жоспарлап отырғанын растады.

Бұған дейін америкалық инсайдерлер «Қазақ стайлдың» жаңа жекпе-жегі жаңазеландиялық міндетті қарсылас Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) болатынын жазған.

Телеарнаға сұхбатында Жәнібек қарсыласының атын атамай, жекпе-жек өтетін күнді ғана жариялады.

«13 шілде күні Лас-Вегастағы Palm Casino Resort кешенінде өтеді», — деді Жәнібек Әлімханұлы.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлының соңғы айқасы өткен жылдың қазан айында болған.

Ол неміс боксшысы Винченцо Гуальтиериді (22-1-1, 7КО) мерзімінен бұрын жеңіп, одан IBF титулын тартып алған еді.  

26 жастағы Андрей Михайлович мансабында алғаш рет Жаңа Зеландиядан тыс жерде өнер көрсетеді.

Ол Әлімханұлымен жекпе-жекті IBF титулына ресми үміткер ретінде қабылдады.

Михайлович — Ресей тумасы, оны егіз бауырымен бірге Жаңа Зеландиядан келген ерлі-зайыптылар бір жарым жасында асырап алған.

Қазір оқып жатыр

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды