Жаңажылдық корпоративтерге тыйым салынды

Қызылорда облысында жаңажылдық корпоративтерге тыйым салынды. Тыйым 2020 жылғы 26 желтоқсаннан 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін созылады.

Алматы, NEGE. Қызылорда облысында жаңажылдық корпоративтер өткізуге тыйым салынды. Тиісті қаулыға өңірдің бас санитарлық дәрігері қол қойды.

Ұйымдасқан ұжымдарда, мекемелер мен кеңселерде, қоғамдық тамақтану нысандарында, адамдар жиналатын жерлерде жаңажылдық мерекелік шаралар, театралды көріністер, аниматорлар қызметі (оның ішінде үйге шақыру қызметін ұсынатындар), шоу-бағдарламалар, концерттер өткізуге тыйым салынады, – делінеді хабарламада.

Тыйым 2020 жылғы 26 желтоқсаннан 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін созылады.

Қазір оқып жатыр

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады