Жанартаудан атқылаған лава 600-ге жуық ғимаратты қиратты

Испанияның Пальма аралында (Канар аралдарының автономды қауымдастығы) жанартаудан атқылаған лава ағындары қазірдің өзінде 600-ге жуық ғимаратты қиратты. Бұл туралы сейсенбіде Канар аралдарының Вулканологиялық институты өздерінің Twitter парақшасында жазды.

Алматы, NEGE. «589 ғимарат қирады, 258 га аумақты лава ағындары жауып қалды, 21 км жол бүлінді», - делінген хабарламада.

19 қыркүйекте Эль-Пасо елді мекені аумағында Пальмада жанартау атқылай бастаған. Қауіпсіздік мақсатында 6 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Ә

зірге ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір билік лава ағындарының Пальма жағалауына жетуін күтуде.

Әзірге ол жағалаудан 800-ден 1000 метрге дейінгі қашықтықта. Жергілікті телеарналар кадрларынан лава ағындарының мұхитқа қарай қалай баяу қозғалып бара жатқанын көруге болады.

Жанартау кратерінен аса үлкен түтін бағанасы көтерілуде.