Жанартау атқылағанда жоғалған балалар іздестіріліп жатыр

Конгода төтенше жағдайдағы эвакуация кезінде жоғалып кеткен балалар іздестіріліп жатыр.

Алматы, NEGE. Бұл іске ата-аналардан бөлек, Қызыл крест мамандары тартылған. ЮНИСЕФ-тің дерегіне сәйкес, қазіргі уақытта жүзден астам бала із-түзсіз жоғалып кетті деп саналады. Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын Конгода жанартау атқылап, қалың жұрттың есін шығарған еді. 30-дан астам азамат опат болып, жүздегені қауіпсіз жерге көшірілді.