Жанармай неше теңгеге өседі?

Жаңа жылдан бастап жанармай акцизі көтерілуіне байланысты бензин бағасы да қымбаттайды. Ұлттық экономика министрлігінің есебінше, баға он теңгеге өседі.

Алматы, NEGE. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бензин акцизі екі еседей өсіп, тоннасына 10 500 теңгеден 24 435 теңгеге дейін көтерілді. Осыдан бензин бағасы литріне 10 теңгеге өседі. Үкімет жанармай бағасының өсуі инфляцияға қатты әсер етпейді дейді. 

Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, мұнай өнімдері акцизін өсіру әлеуметтік салаға бөлінетін бюджеттік қаржының орнын толтыру қажеттілігінен туындады.

«Республикалық бюджет жобасында әлеуметтік салаға алты триллион теңгеге жуық қаражат қарастырылған. 2019 жылы бұл мақсатқа 5,3 триллион теңге бөлінген еді», – деп атап өтті Смайылов.
Бұдан бөлек, микро және шағын бизнестің үш жылға салықтан босатылуы республикалық бюджеттің кіріс бөлігін азайтады. 

Мәселен, бізде АИ-91 бағасы 163 теңге болса, Ресейде литрі 260 теңге екен. Бензин акцизін көтеру нәтижесінде мемлекеттік бюджетке қосымша 50 миллиард теңге түседі деп көзделген.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ