27 января 2020 г. 12:06

Жанар Дұғаловаға көрермендер неге шүйлікті?

Фото:

Сахнадан көп көрінбей кеткен Жанар Дұғалова шығармашылығын қайтадан мықтап қолға алды. Тыңдармандарына арнап жаңа бейнебаян түсірген әнші жақын арада су жаңа туындысын ұсынбақ.

Жаңа туындыны таспалаған Жанар тағы да сынның астында қалды. Бұл жолы әлеуметтік желі қолданушылары әншінің образына, киіміне шүйлікті. «Ақымақ болма» атты әнге түсірілген клип көрермендерге жақпай қалса керек. Себебі, көпшілігі керіғар пікірлерін жаңбырша жаудырған.

«Жанар, сенен мұндай клип күтпедік. Ұят болды-ау!», «Қазақ қызы деген атыңа лайықты бол!», «Бейтаныс жігітпен бірге жабысып жүрмей-ақ клип түсіруге болмай ма?», «Өнеріңізді бағалаймыз, бірақ ашық-шашық киіну біздің менталитетке жат дүние, осыны түсінсеңіз», - дейді жаңа әнбаянның тизерін көрген оқырмандар.

Режиссер Ернар Нұрғалиев таспалаған әнбаян ақпан айында көрермендерге жол тартпақ.

Айта кетейік, Жанар Дұғалова «Turkvision – 2014» музыкалық байқауының жеңімазы атанып, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері төсбелгісін  иеленген.

Тегтер: