Жаңаөзендегі жарылыстан бір адамның мәйіті табылды
Жаңаөзендегі жарылыстан бір адам қаза тапты, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігі.
Алматы, NEGE. 17 сәуір күні сағат 05:04-те Жаңаөзен қаласында 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдегі пәтерде жарылыс болды. Болжам бойынша газ қоспасы жарылып, 150 шаршы метр аумақта кіреберіс құлаған.
Әкімдік дерегінше, сағат 08:30-да үйінді астынан 6 адам шығарылды. 13 адам зардап шекті, оның ішінде 1 мәйіт табылды, 5 адам ауруханаға жатқызылды, 7 адам үйіне шығарылды.
"Қазіргі уақытта үйінділердің астынан: 2000 ж.т. зардап шеккен әйел және 1994 ж.т. қайтыс болған азаматтың денесі алынды", - деп хабарлады ТЖМ.
Жарылыс салдарынан 3 пәтер зардап шекті. Қазір тұрғын үй газдан ажыратылған. Қоқыстар тазартылып жатыр. Себептері мен жағдайлары анықталуда. ТЖД жедел штабы мен сенім телефонын орналастырды.
Жарылыс орнында жүрген аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев үйінділерді шығару жұмыстарын үйлестіруде. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің күштері, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем, полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.