25 марта 2025 г. 17:23

Жаңаөзендегі сауда орталығында өрт сөндіру кезінде құтқарушы зардап шекті

Фото: ТЖМ

Жаңаөзенде 2025 жылдың 25 наурызына қараған түні «Заңғар» сауда орталығындағы өртті сөндіру кезінде құтқарушы зардап шекті.

Алматы, NEGE. Ер адам ауруханаға жатқызылды, қазір жансақтау бөлімінде.

«3-ші облыстық өрт сөндіру бөлімінің зардап шеккен қызметкері дәрігерлердің бақылауында. Ол жақын арада Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізіледі», – деп хабарлады Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.