Жаңаөзенде жасөспірім қызды зорламақ болған күдікті ұсталды
Жаңаөзенде кәмелетке толмаған жасөспірімді зорламақ болды деген күдікке ілінген ер адам ұсталды.
Алматы, NEGE. 28 мамыр сағат 17:00 шамасында 102 кезекші пультіне Жаңаөзен қаласы 4 шағын ауданда ер адам кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деген негізбен шақырту келіп түсті.
Аталған дерек ҚР ҚК 124–бабы “Жас балаларды азғындық жолға түсіру” бойынша СДТТБТ-де тіркелді.
37 жастағы күдікті УҰИ-ға қамалды.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.