Жаңаөзенде газ баллоны жарылып, 11 адам зардап шекті

Жаңаөзенде тұрғын үйде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті, деп хабарлады бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Төтенше жағдай таңғы 5:00 шамасында 12 пәтерлі екі қабатты үйде болды. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.

Қазір оқиға орнында 50-ден астам құтқарушы мен кинологиялық есеп үйінділерді тазалап жатыр.

Оқиғаға байланысты жедел штаб құрылып, жедел желі іске қосылды: 8 7292 31 90 99.