Жаңаөзенде атыс болды
Полиция Жаңаөзендегі бейнежазбаға түсіп қалған атысқа қатысқан адамдарды іздестіріп жатыр, деп хабарлады «Лада».
Алматы, NEGE. «Қазіргі таңда видеодағы автомобиль мен адамдарды шұғыл-іздестіру шаралары жүргізілуде. Аталмыш дерек бойынша 102 тетігіне қоңырау түспеген», - деп хабарлады полицейлер.
Таратылған видео кадрында екі жас жігіттің жолсызбен жүретін көлікке жетіп барғаны көрсетілген. Адамдардың айқайы мен атысқа ұқсас дауыс естіледі. Ер адамдардың бірінде қару көрінеді. Жолсызбен жүретін көлік оқиға орнынан жоғары жылдамдықпен кетіп қалады. Видео авторы атыстың орын алғанын айтқан. Кадрда қанға ұқсас іздер бар, кадр сыртындағы дауыс оның қан екенін айтып жатыр.
Белгілі болғаны Жаңаөзен қалалық ауруханасына жараланғандар түспеген.