Жаңаөзенде алғаш рет коронавирус дерегі тіркелді

Жаңаөзенде 46 жастағы әйел коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Дене қызуы көтеріліп, жедел жәрдем шақырған тұрғыннан сынама алынған. Сөйтіп ағзасынан індет белгілері анықталған. Қазір инфекциялық бөлімінің бокс палатасында жатыр. Ауру анықталған ошақ пен оның аумағына дезинфекция жүргізілді. Енді науқаспен байланыста болғандар анықталып жатыр. Жаңаөзен қаласы бойынша қазір карантиндік стационарда 9, үй карантинінде 23 азамат бақылауға алынған.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты