Жаңаөзенде 24 млн теңгеден астам жалақы төлемеген жұмыс берушіге айыппұл салынды
Жаңаөзен прокуратурасы ECSAD ЖШС-де еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, 62 жұмысшыға 2022 жылғы желтоқсанға және биылғы ақпан айына 24 млн теңгеден астам жалақы төлемеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңғыстау, NEGE. "Осыған байланысты прокуратура Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізді. Берешек толығымен өтелді, жұмысшылардың конституциялық құқығы қалпына келтірілді.Мұғалім әріптесінің автокөлігін ұрлаған,- дейді Маңғыстау облысының прокуратурасы
Бұдан басқа, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 87-бабының 1-бөлігіне сәйкес, еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін жұмыс берушіге 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.