Жаңаөзенде жол апатынан екі бала қаза тапты

12 наурызда Маңғыстау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған екі бала қаза тапты. Әлеуметтік желіде жол апаты орнынан түсірілген кадрлар пайда болды, деп хабарлайды Lada.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерде жол апаты болған жерден түсірілген кадрлар жариялана бастаған. Кадрлардан жолдан шығып кетіп, аударылып қалған көлікті байқауға болады.

Зардап шеккендерге көмекке сол маңдағы өзге көлік иелері келіп, аударылған көліктен адамдарды алып шыққан.

Әлеуметтік желілерде жария болған ақпаратқа сенсек, жол апаты Жаңаөзен тас жолында болған.

Маңғыстау облыстық жедел әрі шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі оқиғаның 12 наурызда кешкісін болғанын хабарлады.

«Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті, оның екеуі — балалар. Кәмелетке толмаған балалар аурухананың қабылдау бөлмесінде қайтыс болды», – деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Облыстық полиция департаменті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды