Жаңаөзенде жеті баланың анасын пышақтап кеткен: күйеуі күдікті ретінде танылды

Пышақ жарақатынан 44 жастағы көпбалалы әйел көз жұмды.

pixabay.com

Астана, NEGE. Қайғылы оқиға 29 қаңтар күні болған, деп жазады Lada.kz.

Басылым дерегінше, марқұмның артында жеті баласы қалды, оның бесеуі – әлі кәмелетке толмағандар.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлімі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ретінде марқұмның күйеуі ұсталып, қамауға алынған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қанды қылмысқа ерлі-зайыпты арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болған.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады

Астанада LRT-нің Қосшы бағытындағы екінші кезеңінің құрылысы басталды