Жаңаөзенде сауда орталығы өртенді

Түнде Жаңаөзен қаласындағы №1 шағын ауданда орналасқан екі қабатты сауда орталығының бірінші қабатында өрт шықты.

pixabay.com

Алматы, NEGE. ТЖМ-ның хабарлауынша, өрт сөндірушілер 300 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды толығымен сөндірді.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.