«Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырының құрылысына 3,7 млрд теңге бөлінеді

Ақтау қаласы мен оған жақын маңдағы ауылдар көгілдір отынмен қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтау, NEGE. «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырының құрылысын аяқтау үшін Үкімет резервінен 3,7 млрд теңге бөлінетін болды. Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін тиісті қаулыға қол қойды. Ілкімді істің игілігін 150 мыңға жуық тұрғын көреді. Қазір қаланы жылумен қамту маңызды. Осыған байланысты бірқатар блок-модульді қазандық орнатып, 2 жаңа қазандық салу жоспарланып жатыр. Жаңа қуат көздері газбен жұмыс істейді.

Динара Алимова, ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы:

Қаражат «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырынан автоматтандырылған газ тарату станциясы орната отырып, ұзындығы 52 шақырым газ құбыры құрылысын аяқтауға бағытталады. Жоба аяқталғаннан кейін аудандарға газ тартылады.
 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты