Жаңаөзен: Үкіметтік комиссия жұмысын бастады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр құрған үкіметтік комиссия Маңғыстау облысына барып, өз жұмысын бастады. Бұл жайында primeminister.kz хабарлады.
Алматы, NEGE. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған Президент әкімшілігінің, Энергетика министрлігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.
Комиссия барлық тараптарды қанағаттандыратын өзара қолайлы шешім қабылдау үшін өзекті мәселелерді жан-жақты және жүйелі түрде қарайды.