Жаңаөзен тұрғындары газ қымбаттауына байланысты митингке шықты

Жаңаөзенде тұрғындар жаппай митингке шықты. Олар газ қымбаттағанына наразылық білдірді, тұрғындар жаппай митингке шықты. Олар газ қымбаттағанына наразылық білдірді.

Алматы, NEGE. "Кеше, 1 қаңтарда газ бағасы 120 теңгеге дейін қымбаттады. Жаңаөзен тұрғындарын газ бағасын 60 теңгеге дейін төмендету туралы үндеуге қосылуға шақырамын", - деп жазды Facebook-те митингке қатысушылардың бірі Серік Бақтыбайұлы.

Митингке шыққандардың бір бөлігі автокөлікке арналған жолды жауып, көлік жүретін жерге шықты.

Маңғыстау облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қызметкері жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Сағат 11.00-де Жаңаөзендегі АХАЖ ғимараты маңында газ бағасын төмендету мәселесі бойынша автокөлік иелері жиналды. Қала әкімі міндетін атқарушы Ғалым Байжанов, қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағамбетов және құқық қорғау органдары өкілдері оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналғандарға газ бойынша істің мән-жайы және "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру туралы" заң түсіндірілді. Оларға бұл іс-әрекеттері заңсыз екені, өйткені әкімдікке митинг өткізілгенге дейін 5 күн бұрын хабарлау қажет екені айтылды", - деп мәлімдеді басқарма өкілі.

Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев газ қымбаттауына қатысты пікір білдіріп, республика бойынша газдың орташа бағасы литріне 110 теңге, көршілес Атырау облысында 115 теңге, Оралда 120 теңге екенін мәлімдеді.