Жаңаөзен қалалық ауруханасының бас дәрігері коронавирус пневмониясынан қайтыс болды
Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов өзінің Telegram каналында хабар таратты.
Алматы, NEGE. «Жаңаөзен қалалық ауруханасының бас дәрігері Мұрат Сарыев коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Орны толмас қаралы хабарды қабырғамыз қайыса қабылдай отырып, марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Иманды болсын!», - деп жазды ол.