Жаңақорғанда мереке күні елу отбасы баспаналы болды

Сыр өңірінде республика күні жаңақорғандық 50 отбасы баспаналы болды

, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызылорда, NEGE. Ал Қармақшы ауданында құс фабрикасы іске қосылды. Сонымен бірге Қарауылтөбе ауылында мәдени клуб пайдалануға берілді. Ұлық мереке күні 21 жайлы мектептің алғашқысының іргетасы қаланды. Сырдарияның сол жағалауында орналасқан нысанда 900 бала білім алады. Сондай-ақ жаңа жылу электр орталығының да құрылысы басталды. Жылына 240 мегаватт электр энергиясын өндіретін кәсіпорын аймақты жылумен қатар толық тоқ көзімен қамти алады. Мерекелік шаралар легі салтанатты жиында қорытындыланып, өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапат төрінен көрінді.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Соңғы 2 жылда осы мереке қайтадан республикада тойланып жатыр. Әрине бұл өте әділ шешім болды. Сыртқы-ішкі саясатта жасалып жатқан үлкен шешімдердің артында ел, халықтың мүддесі тұр. Сондықтан мереке барлығыңызға құтты болсын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады